Сайттың техникалық мүмкіндіктерін арттырып, әке, бала, отбасы тақырыбындағы сапалы контенттің дамуына әр бір оқырман өз үлесін қоса алады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Алаш арыстарының балаларға арналған шығармаларын, қазақ дәстүрі, оның ішінде балаға қатысты материалдарды орыс тілінде де ұсынсақ деген ниеттемін.
Қоғамда әр түрлі адамдар бар. Жан-жақтан жиылып күш біріктірсек, өз сұранысымызды өзіміз қанағаттандыра аламыз деп сенемін.
Жобаның өміршеңдігі сіздің белсенділігіңізге де байланысты.
Құрметпен, жоба жетекшісі Азамат Битан.