Халел Досмұхамедұлының көз саулығына қатысты құнды кеңестері

Ымыртта, ала-көлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс қылма. Күндіз үйде жұмыс қылсаң, жарық (терезе) сол жағында болсын. Жарық болған тесіктен (терезеден) аз да болса аспанның бір бөлегі көрініп тұрсын. Көз алдындағы (қолындағы) істеп отырған жұмысыңа (жазып отырған қағазыңа, тігіп отырған киіміңе) күн түспесін. (Күннің шуағы тимесін). Кешке шаммен жұмыс қылғанда, шамың алдында кішкене сол жаққа […]

Толығырақ

Ыбырайдың ағылшын мен қытай жұрты туралы екі сөзі

Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, қалайша салсам қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Броун тоқтап қалып ойланды: «Бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» – деп. […]

Толығырақ

Міржақып Дұлатұлы бұғы жайында не деп жазған?

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүкі шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен […]

Толығырақ

Халел Досмұхамедұлы. Құлағың сау болсын десең

Құрметті оқырмандар! Сайт оқырмандары үшін Алаш ардақтыларының бұған дейін жарияланбай келген немесе көп тарала қоймаған шығармаларын мейлінші жиірек ұсынсам деген ниеттемін. Оның барлығы «Алаштың әлдиі» деп атаған айдарға орналастырылады. Осы жолы халқымыздың руханияты жолында күрескен зиялы Халел Досмұхамедұлының бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын жазылып, жарыққа шыққан «Оқушының саулығын сақтау» атты кітапшасымен танысып бастасақ деймін.  […]

Толығырақ