Күзен табына қандай аңдар жатады?

Күзен табына жататын толып жатқан аңдар бар. Олардың ішінде қазақ білетін тұқымдары: сасық күзен, сусар, кәмшет, қаншыр, борсық. Сасық күзен деп ат қойғаны: бұл таптағы аңдардың басын қорғар кезде шығаратын сасық иісі болады. Ол иіс өзінен күшті андарға істейтін қаруы. Жетіп ұстайын деген кезде иісін шығарса, жаман иісінен жеркеніп, жоламас деген әдісі. Күзен табындағы аңдардың […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Күріш туралы не білесің?

Жер үстіндегі адамның жартыдан көбі күріш жеп күн көреді. Күріш бидай, сұлымен тұқымдас, бірақ жылы жақта судың күшімен өседі. Күріштің өнімі жақсы: бір пұт тұқымнан елу пұт егін жинап алуға болады. Күріш Қытайда жылына екі рет те орылады. Күріштің айдауы, күтуі өте қиын, саулыққа да зиянды жұмыстың бірі: батпақты тізеден кешіп жүріп жұмыс қылып, бұзылған […]

Толығырақ

Жаңбырдың қандай түрлері бар?

Күн өте қатты қыздыратын ыссы жақтарда болатын не бір күшті жауындарды біз көргеніміз де жоқ. Бір жолаушы Априкеде (Африка) көрген жауынын топан сияқты болды дейді. Жер бетін тез су алып кеткен. Жаңбыр тамшыламай, бір нәрсенің шүмегінен аққандай құйған. Бірнеше минутта сел ағып, көшелерді басып, үйлерді құлатып, ағаштарды жұлып алып кетіп, тастарды домалатып кеткен. Ыссы жақтарда […]

Толығырақ

Балақай, жаңбыр не үшін жауады?

Жаңбыр бұлттан жауады,бірақ жауын әрдайым жер бетіне жете алмайды. Арестатқа мініп ұшқан адамдар айтады: құп-құрғақ бұлтты күні жерде жаңбыр болмаса да, жоғары бұлттан жаңбыр жауып тұрады деп. Бұл неліктен? Мұның себебі сол – жауынның тамшылары жерге жетпей-ақ құрғап, қайтадан бу болып, жоғары бұлтқа көтеріліп кетеді. Ауа төменде ыссы құрғақ болса, әрқашанда жауын жерге түспей кетеді. […]

Толығырақ

Жаңбыр, бұршақ, қардың пайда болуы туралы

Бұлт бір жерде тұрмайды, жел айдап, бұлт бір жерден бір жерге көшеді де жүреді. Бұлт та, тұман да бу екенін, бу суық ауаға араласса су болатынын білеміз. Бұлт көшіп жүргенде суық ауаға ұшырамаса, бұлт күйінде жүре береді. Суық ауаға тисе, бұлт бу тоңазып, бүрісіп, жиырылып уақ тамшы бола бастайды. Салқындаған сайын бу тамшылары біріне-бірі қосылып, […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Тұман мен бұлт туралы не білесің?

Су қызса бу болады, бу салқындаса қайтадан су болады. Су боларда әуелі уақ, гүлдей-гүлдей тамшы болады. Қаттырақ салқындаған тамшы біріне-бірі қосылып, ірілене бастайды. Ауа жылы болса, бу көрінбейді, өйткені түйірі тым уақ болып көзге түспейді. Ауа салқын болса, бу көрінеді, өйткені, бу уақ-уақ тамшыға айналады. Көзге түседі. Мәселен, жазды күні ауыздан шыққан бу көрінбейді, қысты […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Мақта туралы не білеміз?

Маталар кендірден, жүннен, мақтадан істеледі. Мақтаның мамығы мақта өсімдігінен шығады. Мақта жылы жақта өседі. Ресейде мақтаны көп егетін жер –Түркістан. Түркістан мақтасы бүтін Ресейдің пабрикаларын (фабрика) тойындырады. Қапқазда (Кавказ) да мақта егеді, бірақ мақтадан атақ алған жер – Түркістан. Мақта түрлі болады. Кейде шөп, сабақ, кейде бұта, кейде ағаш сықылды болады. Мақтаның гүлінен тұқымы шығады. […]

Толығырақ

Найзағай туралы не білеміз?

Мұнан жүз елу жыл бұрын күн күркіреуі мен найзағай неден болатынын адам білген жоқ. Енді бұларды адамның бәрі біледі, бірақ бұлардың мән-жайын білу оңайға түскен жоқ. Күн күркіреуі мен найзағай не екенін ең алдымен америкалық Пранклин деген кісі білген. Пранклин найзағайды бұлттан жерге ағызып түсіруге әдіс тапқан. Ол бұлай болған: балалар ойнайтын қағаз ұшырмақ сықылды […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Құс баулудың қарапайым әдістері

Аңшылық құстары деп аң аулауға ұстайтын құстар айтылады. Мәселен: бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын, тұйғын, тұрымтай, қырғи, ителгі. Бұл құстарды аңшылар аңға салу үшін әуелі баулиды, қолға үйір етеді. Құс баулу өз алдына бір өнер: кім болса сол үйрете алмайды. Құс үйретіп, әбден әдісін білген адамдар ғана құсты баули алады. Құс баулудың қысқаша айтылғанда жөн жоспары […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Тауық өсіру кәсібінің сыры неде?

Құсты адам баласы қолға алып асырай бастағаны қай заманнан берлі екені мағлұм емес. Тек, мұнан мың жыл бұрын тауық асыраушылар болғаны ғана белгілі. Басында тауықты асырап, баққан жұрттар үнді, қытай, жапон. Басқалар солардан көріп, құс асыраудан пайда бар екенін білсе де, ол пайдасын азсынып, құс ұстауға жұрт көпке дейін көңілді болмаған. Сондықтан 5 мың жылдан […]

Толығырақ