«Балама тілек» байқауы басталды

Talbesik.kz тәрбиелік-танымдық сайты барлық әкелерге арналған «Балама тілек» атты жақсы сөздерден құралған мәтінге байқау жариялайды. Байқау 2 шарттан тұрады:  Үміткер баласына арнап жазған мазмұнды тілегін whatsApp желісі арқылы +7 747 092 52 67 нөмеріне аты-жөнін көрсетіп жолдайды; Үміткер тілегін фейсбук немесе инстаграм әлеуметтік желілеріндегі парақшасында кез келген суретпен тілегін орналастырып, #Talbesik хэштегін көрсетіп жариялауы тиіс; Байқауға келіп […]

Толығырақ

34 немере, 62 шөбересін қызықтап отырған батыр туралы әңгіме

Соғыстың хабары келгенде он сегізге жаңа толған жас жігіттің балаң көңілі әлі басыла қоймаған еді. Алда алыс жол, асу бермес өткел тұр. Көңіл құрғыр алабұртып, ойы сан-саққа жүгіреді. Артында атамекені – ауылы қалып барады. Туып-өскен ауылын енді қайта көре ме, көрмей ме, белгісіз. Қасында тай-құлындай тебісіп ойнаған, қара нанды бөліп жеген сенімді он бес серігі […]

Толығырақ

«Оянный белеттегі» сарбаз туралы әңгіме

Бұл атам Жәкітайдың «1945 жылдың күзінде, соғыстан елге келгеннен соң «оянный белет» (военный билет дегені ғой) үшін түскенім еді» дейтін ең көне фото-суреті. Атам барыс жылы, яғни, 1902 жылы туған. Сонда мына суретке ол кісі 43 жасында түскен. Жалпы соғыс туралы  әдейілеп сұрасаң сөзді басқа жаққа бұрып, айтқысы келмейтін. Атам марқұмнан естіген сол аз әңгіменің […]

Толығырақ

Атамның үлкен ұлы – Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі

Менің атам Маямеров Мəлғажы Мухаммеджанұлы 1944 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Қазір 74 жаста, 5 баласы, 17 немересі бар. Семей қаласы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбеков атындағы мектепте 44 жыл бойы адал қызмет еткен. Басында алгебра (математика) пəнінен сабақ беріп, одан кейін тəрбие ісінің меңгерушісі болған. Ал өзінің тәрбиелеп өсірген 2 ұлы жəне 3 […]

Толығырақ

Зерде Қадырбекқызы. Менің «мылқау атам» немесе иманын сақтаған қарт туралы естелік

Менің бір емес, екі бірдей атам бар. Әкем үйдегі он төрт баланың ішіндегі бесінші ұл екен. Қазақтың ежелден келе жатқан салты ғой, әкемді атамның ағайыны Әбілмәжін деген атамыз (Әбіш) бауырына басады. Міне, содан бері мен Әбіштің немересімін. Әбіш атам мен тумай тұрып көз жұмып кеткендіктен, ол кісі туралы ештеңе білмейтінмін. Тек үйдегі ескі альбомдардан өзімнің […]

Толығырақ

«Менің атам…» байқауы: 9 үміткер қаржылай марапатталады

Осыдан бір ай бұрын әкелерге арналған тәрбиелік-танымдық Talbesik.kz сайты «Менің атам…» атты ескі суреттердің негізінде жазылған естелік жазбалар арасында байқау жариялаған еді. Әлеуметтік желілердегі жұмыстарды қоспағанда, еліміздің әр өңірінен электронды поштамызға келіп түскен материалдар саны 70-ке жуықтады. Әсіресе Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өте белсенді. Соның барлығында қаншама адамның сан түрлі тағдыры баяндалған десеңізші… Ескіден […]

Толығырақ

Балтабаев Серікбай: «Атам қазақ әдебиетінің білгірі еді»

Әкемнің әкесі, менің атам Шәмшебайұлы Балтабай. Көпбалалы әке, Қазақ тілі және Қазақ әдебиетінің  мұғалімі болған. Марқұм атам мен ақыл тоқтатып есейе берген шағымда дүниеден өтті. Ол кісімен әңгіме дүкен құрып, көп сырласпаппында. Бірақ аз уақыт ішінде біраз нәрсе аңғардым. Атам қатал кісі болатын. Бұрынғы аталарымыз,  әкелеріміз бір ауыз сөзбен, қас қабағымен басқарған деп жатамыз ғой. […]

Толығырақ

Алма Сайлауқызы: «Атамның 27 немересі, 50 шөбересі бар»

Мен атамды көрген емеспін. Көріп үлгермедім. Мен жарық дүние есігін ашардан бірнеше жыл бұрын, алпыс жасында өмірден озыпты. Тек атамның маған жеткен, өз қолымен жазған қойын дәптерін көру, соны оқып, түйсінубұйырыпты, өзіме. Атамның аманат етіп қалдырған дүниелерін мұрасын, жиналған хаттарын, сақталған жырларын оқып отырып тамсанамын. Қарасаң көз сүйсінеді. Бейне бір белгілі қаламгер немесе ақынның күнделігінен […]

Толығырақ

Ақылжан Қайратұлы: «Атамнан өлең оқып, ән айтуды үйрендім»

Менің атамның аты Қаһарман. Ол Шығыс облысының Үржар ауданында дүниеге келіп,балалық шағын Қызыл Қазақ аулында өткізген. Абай  Құнанбаевтың «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» өлеңінде айтылғандай, ауылда мектеп жоқ болғандықтан мектепте интернатта тұрып оқыды. Атам спортқа жақын, футбол ойнағанды жақсы көретін. Мектепті алтын медальмен бітірген. Әскерге екі жылға Владивосток қаласына аттанған, бірақ орысша көп білмегендіктен […]

Толығырақ

Нұрлы Қазбекова: «Атам қатал болғанмен, әділ еді»

Мен сіздерге атам Қосымбетов Ділда Қосымбетұлы туралы әжемнің  айтқан әңгімелерінен есімде қалғанын  жазып отырмын.  Атамның  суреті үйде төргі бөлмеде ілініп тұратын. Мен есіме түскенде «Әже, атам қайда?»- деп сұрасам, сол кездегі әжемнің айтатыны «Ол алысқа кеткен. Бізді таба алмай жүр» – дейтін. Арғы аталары халқына сыйлы, бай-қуатты, ат құлағында ойнаған  көкпаршы кісілер болған екен. Жігіттік  […]

Толығырақ