Әбділда Тәжібаев. Балама ақыл

Есің де кірді, есейдің, балам, Ертеңге барар ашылды жолың. Әке деп маған болмай-ақ. алаң, Таба бер енді құрбыңның тобын. Көп емес ақылым артылар саған, Не керек бекер білгірлік айтып. Азаймаса екен мейірімің маған, Келгенде ұзақ жолдардан қайтып. Ағаны сыйла ағарған шашы, Аңдамай кейде тимесін тілің. Үлкеннің шашы – менің де шашым, Есіңе сақта, осыны, күнім!

Толығырақ