Қытай ертегілері қазақ баласына жол тартты

Сәті түскенде кітап дүкендерін аралаймын. Онда да балалар әдебиеттерін қызықтаймын. Сол әдетімше өткенде Нұр-Сұлтан қаласындағы аты көпке мәлім бір сауда дүкенінде «Қытайдың халық ертегілері» деген сериямен қарайған кітаптарды самсатып қойыпты. Қысық көз қытайдың шалы мен қатын-баласын сүп-сүйкімді етіп көрсеткен. Кітаптың сапасы жап-жақсы. Бояуын да аямаған. Талай тентекті елітіп әкетейін деп тұр. Содан жаңағы жерде мұнысы […]

Толығырақ

Азамат Битан: «Бала ісіндегі басты 4 бағытты дамыта алсақ қой!..»

Бала мәселесі дегенде басқа емес, өзіміздің қазақ балаларының, үйімізде жүгіріп жүрген қара домалақтардың бүгіні мен келешегі ойлантпай қоймайды. Мына дамыған заман, дамыған техналогиялар кезеңінде қазақ баласы жан-жақтан ағылып жатқан неше түрлі өнімді тұтынуға мәжбүр. Ол өнімдердің «құрамына» қарап жатуға да шама болмай кеткені рас. Біз қашан бүлдіршінді жалықтырып алмайтын мультфильм жасаймыз деп жүргенде жаңа заманның […]

Толығырақ

Балаңызды қазақ мектебіне беруге 7 себеп

Бірінші себеп – Қазақстан демографиясы, қазақ үлесі. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16 199,2 мың адам, оның 6 534,6 мыңы, яғни 41 пайызы қазақ ұлты еді. Ал орыс ұлты 6 227,5 мың, яғни 38 пайызын ұстайтын еді. Ал қазір ше? Бүгінгі көрсеткіш бойынша Қазақстан халқының саны – 18 миллион 22 мың 500 адам, оның […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Қытай жұртының ескі бір заңы туралы

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. — Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан […]

Толығырақ

Ерлан Рысқали, қамқор әке: «Балаңа иіліп төсек, жайылып жастық бола біл»

«Әкемен әңгіме» жобасы әрі қарай жалғасады. Ал дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәл қазіргі уақытта Еуропада отбасымен бірге білім жолында жүрген Ерлан Рысқали ағамызды әуелден осы тақырып төңірігенде айтары бар әкелердің бірі деп білетінмін. Сәті түскен сұхбатты оқырмандар назарына ұсынамыз. Құрметпен, «Talbesik.kz» сайтының жетекшісі Азамат Битан.    – Ерлан аға, елден алыста жүрсеңіз де […]

Толығырақ

Балаңды жоғалтып алғың келмесе…

Осыдан бірнеше жыл бұрын Санкт-Петерборда арнайы эксперимент өткізіліпті. 12 мен 18 жас аралығындағы қыз бен ұлдарды сегіз сағатқа өз-өзімен қалдырады. Талап мынау: теледидар, ұялы телефон, компьютер, яғни барлық гаджеттерді қолдануға тыйым салынған. Қалғаны өз еріктері. Бірақ осы сегіз сағат ішіндегі ішкі сезімдерінің барлығын қағазға жазып отыруға міндеттеледі. Эксперимент нәтижесі жан түршігерлік… 68 жасөспірімнің ішінде соңына […]

Толығырақ

Балаңның шашын ала-құла етпей, дұрыстап ал

Баланың шашын ала-құла алуға тыйым салынған Мұсылмандық салт бойынша нәресте туылғаннан біраз уақыт өткен соң шашын алып, сол шаштың салмағындай күміс мөлшерінде садақа беру керек. Бұл амалдың екі түрлі пайдасы бар. Біріншісі – денсаулық пайдасы, яғни шаш алу нәрестенің құйқасының, жалпы ағзасының күшеюіне әсер етеді. Екіншісі, әлеуметтік пайдасы, оның шашының салмағындай садақа беру мұсылман қоғамындағы […]

Толығырақ

Серікзат Дүйсенғазы. Ризамын, айналайын, ұлым саған

Ризамын, айналайын, ұлым саған, Сен туып сәулеленді ғұмыр-санам. Тіліңнен былдыр-былдыр бал төгіліп, Барады құлдыраңдап құлыншақ ән. Лайланбас мөлдіріндей тұнық көлдің, Көзіңнен алаулаған үміт көрдім. О, менің тәй-тәй басқан ізбасарым, Кіргіздің сәнін күнде күліп төрдің. Жаны жаз жарығым-ай, жанары күн, Кім жақсы көрмес дейсің «жаман» ұлын. Асыр сап сенің тәтті қылығыңмен, Менің де бірге ойнап жүр […]

Толығырақ

Ағабек Қонарбайұлы: Мұсылманның мұраты – иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу

Жүсіпбек Аймауытов бабамыз бір сөзінде: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу керек», – деген екен. Кейде өз баламыздың қабілетін, болмысын, мінез-құлқын ескермей, шамасынан тыс «тапсырмалар» жүктейміз, айтқанымызды істетуге тырысамыз. Бұл әрекетіміз сәтсіз болып, әке мен баланың арасында түсінбеушілік пайда болады. Осы ретте бала тәрбиесіне қатысты білсек – байқамай қалатын, сезсек – сезінбей жататын бірнеше […]

Толығырақ