«Үздік көкпаршы». Қазақ көкпаршысы 37 салым иегері

Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Дүниежүзілік Көшпелілер ойындарының «Үздік көкпаршысы» атанып, арнайы марапатқа ие болды. Қыркүйек айында өткен  Көшпелілер ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсеткен 22 жасар Құрманбек ойын барысында бас-аяғы 37 салым салған екен. Сөйтіп, Бішкекте ең көп салым салған көкпаршы ретінде біздің […]

Толығырақ

Қазіргі көкпар туралы не білесіз?

Көкпар – тек қазақтың ғана  емес барша түркі халықтарына тән ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі көкпар ойынының өмірге келуі — көшпелі халықтардың айналасын қоршаған жаудан өзін-өзі қорғап қалу қажеттігінен туындаған.  Яғни, халық бейбіт күндерде азаматтарын әскери машыққа баулып отырған. Мысалы, көкпар ойынына машықтанған жігіт соғыс кезінде дұшпан шебінде жараланып қалып қойған жауынгерді атпен шауып […]

Толығырақ