Мағжан Жұмабайұлы. Баланың жанын тәрбиелеу үшін нені білу керек?

Бастапқы кезде жөпшенді білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала тісінің қандай түрлері бар?

Тісеу – баланың дене тұрмысында зор өзгеріс. Жас иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. Иекте тамыр көп болғандықтан, тістей бастағанда бала әжептәуір ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық болады. Аузынан сілекей шұбырады. Бала әлсін-әлсін қолын аузына сала береді. Мұндай уақытта баланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек. Жылы суға жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала ұйқысы тыныш болуы үшін не керек?

Ұйқысы тыныш болу үшін баланы көзді шағылыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айғайы жоқ жерде ұйықтату керек. Әсіресе кенет айқай болмасын. Баланың тыныш ұйықтауына себеп болатын бір нәрсе – баланы белгілі бір уақытта ұйықтату. Және баланы жаратылыстың өзі ұйқы үшін белгілеген уақытында яғни түнде ұйықтату керек. Баланы түнде ұзақ ояу отырғызу дұрыс емес. Баланы тамақ берісімен […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Қазақ бесігіне қатысты жарияланбаған пікірлер

Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бөлей білуде. Тас қылып бөлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала киімі қандай болуы керек?

Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсірудің де қажеті жоқ. Бұлай өскен бала аурымпаз болады. Шынықтырамын, денесін берік қыламын деп, жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтырамын деп жүріп, ауруға шалдықтырып, жазатайым өлтіріп алуы да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге жібермейтіндей болуы керек. […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Екі жасар балаға жылқы еті мен қымыз рұқсат па?

Екі жасар баланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жылқы еті ауыр. Оны 2-3 жасар балаға бермеген дұрыс болар. Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пісірілген нан. Балаға май ішкізу тіпті дұрыс емес. Кәмпит, пряник, […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала мінезіне тамақтың әсері бар ма?

Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір емізу жетеді. Баланы қолдан тамақтандырғанда да тамақтандыру тәртібі осы. Бірақ қолдан тамақтандырғанда тамақ белгілі бір мөлшермен беріліп отыруға тиісті. Бала тамағының мөлшері баланың асқазанының зорлығына байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3 қасық ас сыяды, екінші жетіде – […]

Толығырақ