34 немере, 62 шөбересін қызықтап отырған батыр туралы әңгіме

Соғыстың хабары келгенде он сегізге жаңа толған жас жігіттің балаң көңілі әлі басыла қоймаған еді. Алда алыс жол, асу бермес өткел тұр. Көңіл құрғыр алабұртып, ойы сан-саққа жүгіреді. Артында атамекені – ауылы қалып барады. Туып-өскен ауылын енді қайта көре ме, көрмей ме, белгісіз. Қасында тай-құлындай тебісіп ойнаған, қара нанды бөліп жеген сенімді он бес серігі […]

Толығырақ

«Оянный белеттегі» сарбаз туралы әңгіме

Бұл атам Жәкітайдың «1945 жылдың күзінде, соғыстан елге келгеннен соң «оянный белет» (военный билет дегені ғой) үшін түскенім еді» дейтін ең көне фото-суреті. Атам барыс жылы, яғни, 1902 жылы туған. Сонда мына суретке ол кісі 43 жасында түскен. Жалпы соғыс туралы  әдейілеп сұрасаң сөзді басқа жаққа бұрып, айтқысы келмейтін. Атам марқұмнан естіген сол аз әңгіменің […]

Толығырақ

Зерде Қадырбекқызы. Менің «мылқау атам» немесе иманын сақтаған қарт туралы естелік

Менің бір емес, екі бірдей атам бар. Әкем үйдегі он төрт баланың ішіндегі бесінші ұл екен. Қазақтың ежелден келе жатқан салты ғой, әкемді атамның ағайыны Әбілмәжін деген атамыз (Әбіш) бауырына басады. Міне, содан бері мен Әбіштің немересімін. Әбіш атам мен тумай тұрып көз жұмып кеткендіктен, ол кісі туралы ештеңе білмейтінмін. Тек үйдегі ескі альбомдардан өзімнің […]

Толығырақ

«Менің атам…» байқауы: 9 үміткер қаржылай марапатталады

Осыдан бір ай бұрын әкелерге арналған тәрбиелік-танымдық Talbesik.kz сайты «Менің атам…» атты ескі суреттердің негізінде жазылған естелік жазбалар арасында байқау жариялаған еді. Әлеуметтік желілердегі жұмыстарды қоспағанда, еліміздің әр өңірінен электронды поштамызға келіп түскен материалдар саны 70-ке жуықтады. Әсіресе Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өте белсенді. Соның барлығында қаншама адамның сан түрлі тағдыры баяндалған десеңізші… Ескіден […]

Толығырақ

Назгүл Айбарқызы: «Атам сөзге емес, іске бейім еді»

Мен атамды көрген жоқпын… Көрмесем де, айналамдағы үлкендердің сөздерінен атамның ерекше тұлға болғанын сезініп өстім. Қашан да қарапайымдылықты, кішілік пен кісілікті жанына жақын тұтқан, сөзден гөрі іске бейім, өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя білетін, туа бітті табиғи таным қабілетін қоғамға пайдалы іске жұмсай білген тұлға деп танимын. Таныған сайын бойымды мақтаныш керней береді, […]

Толығырақ

Жанерке Асқарбекқызы: «Менің атам мергендік өнерді меңгерген еді»

Жеңіс күні әр адам үшін жүрегінен орын алатын қуанышты мерекенің бірі. Бұл жеңіс бізге оңайшылықпен келмеді. Талай қазақ батырлары қиян – кескіге түсіп, соңғы демі қалғанша Отанын қорғады. Сол батыл батырлардың бірі – менің атам Әбішұлы Зарлық. Атам 1908 жылы күз айларының бірінде дүние есігін ашқан. 1932 жылы әскер қатарына алынып, асқан ептілігімен мергендік өнерін […]

Толығырақ

Аққалақов Расул: «Атам мен үшін нағыз батыр адам»

Қып – қызыл өрттің ішінде, алаулап от боп жанғандар, Күрсінбе қартым күрсінбе, қатары сиреп қалғандар. Қырқыншы жылдың күзінде жауынгер болып барғандар, Жаңа ғасырдың төрінде ескерткіш болған заңғарлар.  (Ескерткіш алдындағы ой)   Менің атам, – Джапар, апам – Қазияш елден ерен емес, қарапайым жандар. Атамның ата – бабасының туған жері Ақсуат. Қызылкесік кеңшары болған. Апам Тоғымның […]

Толығырақ

Меден Ырғынбек: «Әкемнің тұлғасына қарап, атамды елестетем»

Бұл сурет менің әкемнің жалынды жігіт шағында түскен суреті. Басында алтайдың алқазыл түлкі тымағы, үстінде елтірі ішігі мен  қарағайдың қабығына боялған тері шалбары, аяғында саптама етігі, бір жағынан Алтайдың азулы аязына ауыздықтатқызбайтынын айқындаса, бір жағынан  қазақы сал –  серіліктің жалғасын  жалғап тұрғандай. Мен атам Кәмалиді көрмедім, бірақ әкемнің асыл тұлғасына қарап  атамды елестеттім. Атам жүрегіне […]

Толығырақ

Әйгерім Бодыбайқызы: «Атамның әжеме деген махаббаты шексіз еді»

Үлкен үй бір көше әрі орналасқан. Атам мен әжем сонда әкемнің інісінің қолында тұратын. Әрбір кеш әкем, анам  үшеуміз сол үйге баратынбыз. Өзіммен тете өскен сіңіліммен асыр салып ойнауға асығушы едім. Бірақта ойын ұзаққа созылмайтын. Себебі дастархан басында қызу әңгіме айтылып жатады, бізге ол әңгіме бір ертегі іспеттес. Сіңілім әжемнің жанына, мен атамның жанына жайғаса […]

Толығырақ

Балтабаев Серікбай: «Атам қазақ әдебиетінің білгірі еді»

Әкемнің әкесі, менің атам Шәмшебайұлы Балтабай. Көпбалалы әке, Қазақ тілі және Қазақ әдебиетінің  мұғалімі болған. Марқұм атам мен ақыл тоқтатып есейе берген шағымда дүниеден өтті. Ол кісімен әңгіме дүкен құрып, көп сырласпаппында. Бірақ аз уақыт ішінде біраз нәрсе аңғардым. Атам қатал кісі болатын. Бұрынғы аталарымыз,  әкелеріміз бір ауыз сөзбен, қас қабағымен басқарған деп жатамыз ғой. […]

Толығырақ