Ахмет Байтұрсынұлы. Балық қандай мақлұқ?

Дүниедегі көп мақлұқтың бірі – балық. Балық өзен, көл, қара су сияқты тұщы суларда, теңіз, мұхит сияқты ащы суларда да болады. Балықтар түрлі тұқымды, түрлі түсті, түрлі тұлғалы болады. Үлкен ірілері де, құрттай ұсақ кішкенелері де, жылан сияқты жіңішкелері де, торсық сияқты томпайғандары да, қолша сияқты жалпайғандары да болады. Біреулерінің басы ат басына ұқсайды, біреулерінің […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала киімі қандай болуы керек?

Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, шымқап, үлбіретіп өсірудің де қажеті жоқ. Бұлай өскен бала аурымпаз болады. Шынықтырамын, денесін берік қыламын деп, жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтырамын деп жүріп, ауруға шалдықтырып, жазатайым өлтіріп алуы да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге жібермейтіндей болуы керек. […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Баланы тұзды суға шомылдырған дұрыс па?

Баланы шомылдыру оны кірден тазартады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді. Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш айға дейін Рьюмер бойынша – 29 градус. Үшінші айдан жыл аяғына дейін 28 градус, екінші жылда 27 градус, мұнан былайғы жылдарда 26-25 градус болып, бала өскен сайын төмендей берсін. Ең төмендегенде 22 градустан кем болмауға тиісті. Жаңа туған баланы […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Екі жасар балаға жылқы еті мен қымыз рұқсат па?

Екі жасар баланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жылқы еті ауыр. Оны 2-3 жасар балаға бермеген дұрыс болар. Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пісірілген нан. Балаға май ішкізу тіпті дұрыс емес. Кәмпит, пряник, […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. Бала мінезіне тамақтың әсері бар ма?

Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір емізу жетеді. Баланы қолдан тамақтандырғанда да тамақтандыру тәртібі осы. Бірақ қолдан тамақтандырғанда тамақ белгілі бір мөлшермен беріліп отыруға тиісті. Бала тамағының мөлшері баланың асқазанының зорлығына байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3 қасық ас сыяды, екінші жетіде – […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабайұлы. «Балаңды дене тәрбиесіне жұмсауға міндеттісің»

Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене – жанның кабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та […]

Толығырақ

Мағжан Жұмабаев. Ұлттық тәрбиенің жақсы жағы да, жаман жағы да көп

Педагогика қандай пән? Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екендігін, оған қандай тәрбие беру керектігін, һәм ол тәрбиені не үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ, балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып-білмей-ақ өз бетімен бере ала ма? Әркім өзі-ақ жол тауып кеткендей бала тәрбиесі соншама бір […]

Толығырақ

Әкелердің назарына: Мағжанның «Педагогикасымен» танысуды бастаймыз

Біздің балаларымыз тұрмақ, көбіміз әлі күнге дейін Мағжан Жұмабаевты қазақ поэззиясының белді өкілі ретінде ғана танимыз. Бірақ Әбілмағжан тек ақын емес. Ол кешегі кезеңде ағартушы, Алаш қайраткері, педагог деген құрметті атттарды қимаған теріс саясаттың шолақ ісі еді… Бүгін сол қайраткер Мағжанның «Педагогика» атты танымдық бағыттағы кітабымен танысуды бастасақ деймін. Бұл ретте еңбектегі ең қажетті, мына […]

Толығырақ

Азамат Битан. Қазақтың бір нақылының мән-мағынасы

Қазақ – ұрпақ тәрбиесіне әуелден ұқыпты қараған халық. Данышпан ата-әжелеріміз: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» деген екен. Бала тәрбиесі ісінде үлкен рөл атқаратын осынау нақыл сөз туралы тарқатып жазып көрейін.                     […]

Толығырақ