Мұзафар Әлімбаев. Ораз неге жылады, достары неге күлді?

Алты жасар Ораздың Ойыншығы бір арба. Шіркін, ойнап біраз күн, Шығар ма едік құмардан?! Көздің жауын алады, Қол созылар еріксіз. Ойыншықтың жаңағы Біреуі жоқ көріксіз… Сусиыр, танк, самолет, Піл, арыстан, тоты… бар. Сыр-бояуы керемет, Сыңайы жоқ тотығар. – Ойнайыншы қасыңда, Самолетің бер, – деді Айдар келіп досына. Ораз бірақ бермеді. Дәурен келді қылқиып, Пілге тіктеп […]

Толығырақ

Бөпесі – көкесі – тәтесі

Аңғал Шыңғыс атақты Алаңдамай ойынға, Қызықтады кітапты Хайуанаттар жайында. Танымайсың кей аңды, Түсінбейсің десек дым: Бой бермейді Қоянды «Бөпесі, – деп, – Есектің!» Жібермейді намысты, Жеңер дауға түсіп кім: Көсетеді Барысты «Көкесі, – деп – Мысықтың!» Аспайды да саспайды, Тұрсаң дағы тауып мін; Тотықұсты Нұсқайды «Тәтесі, – деп, – Тауықтың!» Әбдіраштың Жарасқаны talbesik.kz

Толығырақ

Әбдіраштың Жарасқаны. Кім не береді?

Әже келеді, Көже береді. Ата келеді, Бата береді. Әжем мені «Ботам» дейді, Атам мені «Жотам» дейді. Мен әжемнің ботасы болам, Мен атамның жотасы болам. Әжемнің көжесін ішем, Атамның батасын алам!..

Толығырақ