Ыбырай Алтынсары. Ақылды адамның бір мысалы

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: — Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді, — деді. Үйші айтты: — Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: — Қойшы, батыр, сенің борышың […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Иманды үйренудің ең оңай жолы қандай?

Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген адам: — Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты. Әлім айтты: — Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді. Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты: — Далаға […]

Толығырақ

Ыбырайдың ағылшын мен қытай жұрты туралы екі сөзі

Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, қалайша салсам қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Броун тоқтап қалып ойланды: «Бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» – деп. […]

Толығырақ

Ыбырайдың біз ұмытқан 3 ертегісі

Түлкі мен ешкі Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. – Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. – Ой, не қыласың, жаныма райыс (рахат мағынасында) тауып тұрмын. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның […]

Толығырақ

Ыбырай Франклин туралы не жазған?

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: – Еңкей, еңкей – деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Әке тілін алмаған бала туралы әңгіме

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен […]

Толығырақ