Ыбырай Алтынсары. Ақылды адамның бір мысалы

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: — Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді, — деді. Үйші айтты: — Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: — Қойшы, батыр, сенің борышың […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Ақылды бай туралы әңгіме

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жиямыз деп, әр үйге қыдырып барып жүріп бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады: — Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес, — […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Қытай жұртының ескі бір заңы туралы

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. — Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Арғыннан шыққан Жәнібек батыр туралы әңгіме

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен, Жәнібекті көріп: — Сен кай ұлсың? — деді. — Қошқар ұлымын, — деді. — Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? — деді. — Болармыз, — […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Бағып-қағусыз өскен ағаш туралы әңгіме

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.          – Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.          – Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Он екі ата Байұлы деген ру қайдан шықты?

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде, бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: – Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. Бала қамығып: – Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім – деді. Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып: – Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Бала қарттың өмірін қалай арашалап алды?

Бip  әлiм адам жапанда келе жатып, аяғы астында бip үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, – ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты: – Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Адам не үшін жаралған?

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: […]

Толығырақ

Ыбырай Алтынсары. Сәтемір хан кімнен үлгі алды?

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндердің бір күні Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі, тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және […]

Толығырақ