Мағжан қандай жастарға сенген?

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты Мен жастарға сенемiн! Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн! Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегенi көк аспан. Мен жастарға сенемiн! Жұмсақ мiнез жiбектер. Сүттей таза жүректер. Қасиеттi тiлектер – Мен жастарға сенемiн! Тау суындай гүрiлдер, Айбынды алаш елiм […]

Толығырақ

Жүсіпбек Аймауытұлы. Қымызды тәтті қылудың 5 амалы

Қымыз татымасын, тәтті болсын десең: Қымыз ашытатын ыдыс семіз малдың терісінен қанық ысталған болсын; ағаш болса, емен не қызыл қарағайдың күбі болсын. Ыдысты күнде болмаса, екі күнде бір қайнаған сумен жуып, майлап, ыстау керек. Тері ыдысты қайнаған суды салқындатып жуған жақсы. Табылса, құйрық, болмаса, тоң маймен майлау керек. Тобылғымен, жүзгінмен немесе сексеуілмен ыстаған дұрыс. Қымыз […]

Толығырақ

«Үздік көкпаршы». Қазақ көкпаршысы 37 салым иегері

Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Дүниежүзілік Көшпелілер ойындарының «Үздік көкпаршысы» атанып, арнайы марапатқа ие болды. Қыркүйек айында өткен  Көшпелілер ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсеткен 22 жасар Құрманбек ойын барысында бас-аяғы 37 салым салған екен. Сөйтіп, Бішкекте ең көп салым салған көкпаршы ретінде біздің […]

Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлы. Жылқының адамға қандай пайдасы бар?

Жылқы жер жүзіне түгел жайылған хайуанның бірі. Адам жүрген жерінде жылқы жоқ жер аз. Жылқының түп атасы құлан деп айтылады. Құланды қолға үйретіп, бағып, баптап, жетілдіріп, жылқыға айналдырған монғол мен арий жұрттары болған. Сондықтан жылқының түп атасы екіге бөлінеді: монғол жылқысы, арий жылқысы. Басқа жұрттарға жылқы осылардан тараған. Монғол жылқыны қолға үйреткелі мұнан 8 мың […]

Толығырақ